• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында жыл соңына дейін 160 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Павлодар облысында жыл соңына дейін 160 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

10 Қыркүйек, 2014 09:01
Павлодар облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 113,22 мың шаршы метрді құрайтын 19 көппәтерлі үйдің құрылысы мен 55 мың шаршы метр жеке баспананың құрылысын жүргізу қарастырылған. Бұл ақпарат облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде мәлім болды.

«Жалпы, жыл соңына дейін 160 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдарының құрылыс басқармасы Ұлттық экономика министрлігіне «Сарыарқа» шағын ауданына және Павлодар, Ақсу үйлеріне    инженерлік коммуникация жүргізу бойынша өтінім берген болатын», - делінген хабарламада.

Қанат Бозымбаев жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдарының құрылыс басқармасы мен СҚОММ басшыларына алақол жобалаушылардың  стратегиясымен күресу керектігін айтты.

 «Баспаналар типтік жобаларға сәйкес болуы қажет. Бүгінгі таңда облыста алты, бес, тоғыз қабатты үйлер мен 24 пәтерлі үйдің сәтті жобалары бар. Оларды жаңа жобада қайта қолданған тиімдірек көрінеді. Алақол жобалаушылардың  санын көбейтудің қажеті жоқ. Бұл мәселені қатаң қадағалауға алу керек, сапасыз жобалар үшін айыппұл салып, ол олқылық қайталанған жағдайда мердігерді  рұқсатынан айыру қажет. Халық үшін баспанада барлық жағдай жасалуы тиіс», - деді облыс әкімі. 

Барлық жаңалықтар