• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық спортшылар Шолпан Атадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады

Қазақстандық спортшылар Шолпан Атадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады

9 Қыркүйек, 2014 18:23
Бүгін таңертең қазақстандық делегат Қырғызстандағы Шолпан Атаға барып түсті. Онда Көшпенділердің дүниежүзілік бірінші ойыны басталмақ, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Қазақстандық делегатты  ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қырғызстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев бастап барды.  

«Қазақстанның спортшылар делегациясы атынан 45 спортшы мен  11 бапкер бар. Қазақстанның ресми делегаттарының жалпы саны 74 адам. Қазақстан спорттың 10 түрі бойынша сынға түседі. Атап айтар болсақ, олар: асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, қырғыз күресі, алыш, көкпар, аударыспақ, аламан бәйге, құнан бәйге мен жорға жарыс», - делінген хабарламада.

Көшпенділердің Дүниежүзілік ойындары тек спорттық тұрғыда бәсеке ретінде бағаланбай, сонымен қатар елдердің арасындағы мәдени байланысты нығайтуға серпін бермек.

Хабарламада айтылғандай, ойындардың мәдени шаралар бағдарламасы 2014 жылдың 10 қыркүйегінде Қыршын жайлауында ашылады. Осы кезде халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуға сеп болатын шаралар ұйымдастырылып, бауырлас халықтардың дастарханынан дәм татуға мүмкіндік туындайды. Этноқаланың ашылуында «Көшпенділер жаңғырығы» атты шоу-бағдарлама ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, «Ethno Fashion» сән көрсетілімі мен фольклорлық  фестиваль өткізу жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар