- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде қазақстандық-ресейлік «Цифрономикон» жинағы таныстырылды
Мәскеуде қазақстандық-ресейлік «Цифрономикон» жинағы таныстырылды
9 Қыркүйек, 2014 19:02
XXVII Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңке-көрмесі аясында Мәскеуде қазақстандық-ресейлік «Цифрономикон» техногенді тылсым жинағының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы.
Жинақтың идеясы 2011 жылы Астана қаласында «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған фантастика және футурология ғылыми конгресінде туындады. Шараға атақты Ресей жазушысы Сергей Лукьяненко , Ресей мен Украинаның жазушылар одағының мүшесі Василий Головачев қатысқан болатын.
«Кейін 2012 жылы «Байқоңыр» фантастикалық әңгімелер жинағы жарыққа шықты. Осыдан кейін ресейлік қатысушылар – футуролог Сергей Переслегин мен жазушы Сергей Чекмаев дамыған Қазақстан туралы мистикалық әңгімелер дайындауға бел буды», - делінген хабарламада.
Жинақты құрастырушылар Дәурен Төлеуханов пен Сергей Чекмаев әңгімелер жинап жатқандығын жариялады. Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Израиль мен АҚШ-тың 200 авторы өз туындыларын ұсынды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді -
Зейнетақы жинағы: Кімдер, қандай мақсатта ала алады және шарттары қандай -
Алматыға Мәскеуден бір топ дәрігер COVID-19 ауруымен күресуге келді -
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты -
Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды
-
Сенаторларға мемлекеттік кірістер саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер таныстырылды -
Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды -
Заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы Каирде таныстырылды -
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды