- Басты
- «Мерейлі отбасы»: Есқожиндер әулеті 340 баланы тәрбиелеп өсірді
«Мерейлі отбасы»: Есқожиндер әулеті 340 баланы тәрбиелеп өсірді

«Мен 1998 жылы отбасылық балалар үйін ашу туралы шешім қабылдадым. Жолдасым да оған рұқсат берді. Дегенмен, ондай мекеме ашатын біздің қаражатымыз болған жоқ, сол кезде күйеуіммен ақылдаса келе пәтерімізді сататын болып шештік», - дейді «Нұр» балалар үйінің негізін қалаушы, директоры Тұяқ Есқожина.
Айта кету керек, Есқожина Тұяқ Қаскенқызы Талғар ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның іскер әйелдерінің «Даналық пен мейрімділік» бағыты бойынша республикалық байқау жеңімпазы, сонымен қатар патриоттардың республикалық форумындағы ҚР Мәдениет министрлігінің диплом иегері. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2013 жылы Тұяқ Есқожина «Алтын Жүрек» наградасымен марапатталды. Сонымен қатар, «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» де марапатталды.
«Бүгінгі таңда Тұяқ Қаскенқызы 73 бала тәрбиелеп отыр. Осынау берекелі үйдің ашылғанынан бері, яғни 1998 жылдан бері 340 баланы өсіріп жетілдірді. Олар бүгінгі таңда елдің елеулі азаматтарына айналып, айтулы қайраткерлерге айналып отыр. Ұлдарын ұяға қыздарын қияға қондырған бұл отбасының балалары әлі күнге дейін туып өткен үйлеріне жиі келіп тұрады», - дейді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы.
Бір ескерерлігі Тұяқ Есқожина өзінің жұбайымен үш ұлды тәрбиелеп өсірген. Ал 1998 жылдан бастап кіндіктерінен шыққан балаларымен қатар тағы 340 бүлдіршіннің өміріне жылу сыйлады.
«Менің 340 балам бар. Олардың 120-сы жоғары білім алды. Қалғандары да білімсіз қалған жоқ, колледж бітірді. Әлі күнге дейін қандай да бір көмек керек болса маған келеді. Көбі үйлі-баранды болып кетті. Таяуда ғана 47-інші баламның үйлену тойын жасадым. Ешқайсы ел қатарынан қалып қойған жоқ, біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатыр», - дейді Тұяқ ана.
«Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңіне интерактивті дауыс беру аяқталды. Жақында енді байқау жеңімпазы белгілі болады. Байқауға еліміздің әр өңірінен 16 отбасы қатысты. Дауыс беру ғаламтор, қоңырау шалу және смс хабарлама жөнелту арқылы жүзеге асырылды. Бұл байқау отбасы құндылықтары мен неке институтының мәртебесін арттырып, адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын алғашқы ұлттық байқау болып табылады.
Индира Қауметова
-
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді
-
Баланы тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталына қалай тіркейді
-
2020 жылы Қазақстанда ана мен баланы қолдауға 693 млрд теңге қарастырылған
-
Биыл Түркістан облысында 340 мың тонна мақта жиналады
-
Үздік елордалық дәрігерлер аймақтардан келген есту қабілеті нашар 60-қа жуық баланы тексереді
-
ОҚО-да Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті
-
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары сыйлыққа микроавтобус алды
-
Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
-
Қарағандылық агрономдер 8-наурызға қарай 200 мың қызғалдақ өсірді
-
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 21,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді
-
340-тан астам қарағандылық мобильді қосымшаның көмегімен жұмысқа орналасты
-
Батыс Қазақстанның негізгі капиталына 340,2 млрд теңге инвестиция түсті
-
Қазақстандықтар перзентханаларда баланың тууына байланысты қызметті алуға бір ай ішінде 34 мыңнан астам өтініш берген
-
Шымкентте ана мен баланы қорғау мәселелері талқыланды
-
Қазақстанда алименттің көлемі баланың жасына қарай анықталады

