Қ.Тоқаев канадалық парламентшілерді қабылдады

9 Қыркүйек, 2014 16:31
Бүгін, 9 қыркүйекте, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Канада» парламенттік достастық тобының тең құқылы төрағасы Леон Бенуа бастаған Канада Парламентариясының делегаттарымен кездесті.

Тараптар ЕЫҚҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы екіжақты негіздегі ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенаты.

«Канада Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән береді. Екі елдің парламентариясының өзара байланысы екіжақты қатынасты жандандыра түспек», - дейді Л.Бенуа.

Канада депутаттарымен арада халықаралық мәселені талқылай келіп Сенат басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігін қолдауда Канадаға сенім артатынын жеткізді.

«Қазақстанның ядролық қарусызданудағы үлкен тәжірибесі мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шараларын нығайту, сонымен қатар бейбітшілікті құрудағы дінаралық және ұлтаралық диалогты қамтамасыз етудегі үлкен тәжірибесін ескерсек, біздің елдің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін  нығайтуға үлкен үлес қосатыны анық», - деді Сенат спикері.

Барлық жаңалықтар