• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазғарыш делегациясы Ғарыштық ұшуларға қатысушылар қауымдастығының конгресіне қатысады

Қазғарыш делегациясы Ғарыштық ұшуларға қатысушылар қауымдастығының конгресіне қатысады

9 Қыркүйек, 2014 15:53
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев бастаған делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Онда үстіміздегі жылдың 10 – 16-шы қыркүйек аралығында Бейжін қаласында ғарыштық ұшуларға қатысушылар және ғарыш кеңістігін зерттеушілер ассоциациясының XXVII планетарлық конгрессі өтеді.

Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, ғарыштық ұшуларға қатысушылар және ғарыш кеңістігін зерттеушілер ассоциациясы (ASE) 1985 жылы ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуларды бірлестіру және осы салада тәжірибе бөлісу мақсатымен құрылған халықаралық бейкоммерциялық және бейсаяси ұйым болып табылады. Бұл ұйымның қатарына қазіргі уақытта 35 мемлекеттен 370-ке жуық ғарышкер кіреді», - делінген хабарламада.

« ASE ғарыш саласындағы маңызды жетістіктерді насихаттауға және кеңінен таратуға жәрдем береді. ASE планетарлы конгресстері жыл сайын ұлттық ғарыштық ұшуларға қатысушылары бар мемлекттердің бірінде өткізіледі», - деп хабарлады ведомствода.  

 

 

Барлық жаңалықтар