• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Сәбилянов: Көші-қонды реттеу сұрақтарының жаңа тәсілдері өз шешімін қажет етеді (Брифинг бейнебаяны)

Н.Сәбилянов: Көші-қонды реттеу сұрақтарының жаңа тәсілдері өз шешімін қажет етеді (Брифинг бейнебаяны)

9 Қыркүйек, 2014 13:20
Көші-қонды реттеу сұрақтарының жаңа тәсілдері өз шешімін қажет етеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сәбилянов мәлімдеді.

«Бізде кейбір аймақтарда халық саны азайды. Соңғы 10 жыл ішінде СҚО халқы -100 мыңға, ШҚО халқы- 60 мыңға, Қостанай облысының халқы – 35 мыңға, Ақмола облысының халқы-15 мың адамға қысқарды. Экономикалық белсенді халықтың  өңірден өңірге ауытқу мәселесі жұмыс күшінің жетіспеуі, мектептердің жабылуы, шаруа қожалықтарының  қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аймақтың кәсіпкерліктері  мен өндіріс  қызметінің дамуына  тікелей әсер етуі мүмкін», - деді ол.

Сондай-ақ, мәжілісмен атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысында 5 жыл ішінде  70 мектеп жабылды. «Бұл 70  жергілікті өңір өмір сүруін тоқтатады деген сөз. Сол себепті мемлекет тұрақты күн кешуге келген оралмандардың  жағдайын жасауы тиіс», - деді Н. Сәбилянов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар