Жаңа заңдар мембасқарудың тиімді жүйесін құруы тиіс – Н. Сәбилянов

9 Қыркүйек, 2014 13:11
Жаңа заңдар мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруы тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сәбильянов мәлімдеді.

«Орталық атқарушы органдарға стратегиялық реттеуші, бақылау және қадағалау қызметтері жүктеледі. Сондай-ақ, министрліктерге сәйкес саладағы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау құзіреттілігін кеңейту қарастырылып отыр. Бұл министрдің тек заңдармен, ҚР Президентінің Жарлықтарымен  айналысуын қарастырады», - деді ол.

Сондай-ақ, Н. Сәбилянов әкімдіктерге өңірлік деңгейде тиімді атқарылатын қызметтер  өткізіліп жатқандығын айтты.

«Жергілікті атқарушы органдарға рұқсат беру, аттестация және қала құрылысы саласындағы бақылау, архитектура, құрылыс, жер сұрақтарына байланысты құзіреттілік беріледі», - деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, оның айтуынша, өкілетті органдар жергілікті орган қабылдаған шешімге бақылау жүргізу құзіреті сақталады.

«Менің ойымша, бұл жергілікті деңгейдегі сұрақтардың шешілуін қамтамасыз етіп, аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырады», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар