- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті
Тараптар сауда-экономика, көлік-коммуникация және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың келешегі туралы сөйлесті.
«Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайдың шешілуіне бұдан кейін де белсене қатысуға дайын. Сонымен қатар, біз көлік-коммуникация саласындағы өзара іс-қимылымызды дамытуға, атап айтқанда, теміржол тасымалын жүзеге асыруға мүдделіміз. Біздің елдеріміздің ортақ игілігі – Каспий теңізі, ол достық пен ынтымақтастық теңізі болуға тиіс. Оның құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет, ал сарапшылар бұл бағыттағы қызметін одан әрі жүзеге асыруы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті өңірде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге барлық елдер мүдделі екенін атап өтті.
Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін алғысын айтып, Қазақстанның Иран үшін достас ел, өте маңызды серіктес болып саналатынына тоқталды.
«Бізде өзара ынтымақтастықтың орасан әлеуеті бар. Бізге тек екіжақты сауда-экономикалық байланысты ғана емес, елдеріміздің мәдениет саласындағы өзара іс-қимылын да дамыту өте маңызды», – деді Иран Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді де талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты