2015 жылы Павлодар облысында кірпіш зауыты ашылады

9 Қыркүйек, 2014 13:06
2015 жылы Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа кірпіш зауыты ашылады.

Облыс әкімдігі  хабарлағандай, кірпіш зауытының құрылысы 2013 жылы басталған, жобаны 2015 жылы толық іске қосу жоспарланған. Жоба құрылысына бөлінген жалпы инвестиция көлемі 107,5 млн. теңге, оның ішінде 97,8 млн. теңге – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алынған несие қаражаты.

Болашақ зауыттың өндірістік қуаты - жылына 20-30 млн. дана кірпіш шығару. Өнім елімізде ғана емес, Ресейге де экспортталады. 

Барлық жаңалықтар