- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ЕО жаңа келісімшарт бойынша келіссөздердің мәресіне жетті-СІМ
Қазақстан мен ЕО жаңа келісімшарт бойынша келіссөздердің мәресіне жетті-СІМ
«Жаңа Келісімшарт кең ауқымды қамтитын болады, ол тек ортақ мүдделерге ғана емес, ортақ құндылықтарға, өзара түсінушілікке, сыйластыққа және тиімділікке негізделген Қазақстан мен ЕО арасындағы қазіргі жетілген, тең құқылы серіктестікті айқындай түспек. Бұл Келісімшарт Қазақстанның ЕО елдерімен ынтымақтастығын жоғары деңгейге шығаратын арқауға айналуы тиіс», - деп айтып, ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысы Келісімшарт парафирлеу рәсімі үстіміздегі жылдың күзінде өтетінін хабарлады.
Е. Ыдырысов атап өткендей, жаңа Келісімшарттың басты құрамасы Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу мүмкіндігін, сонымен қатар Кедендік Одақты, Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті, Еуразиялық Экономикалық Одақты дамытуды көздейтін жаңартылған сауда-инвестициялық тарау болып табылады.
«Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында қол жеткізген келісімдерге сәйкес, құқықтық негізге айналатын жаңа Келісімшартқа болашақта қосымша «жол карталары» мен ынтымақтастықты тереңдететін нақты салалық келісімшарттар қабылдануы мүмкін. Е. Ыдырысов атап өткендей, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында атап кеткен тапсырмалар аясында Астана инновациялар, ғылым, ағарту және бәсекеге қабілеттілік секілді салалардың дамуына ерекше көңіл бөледі. Атап айтқанда, СІМ басшысының сөзіне сәйкес, Қазақстан ЕО-мен ғылым, технологиялар және инновациялар бойынша жеке келісімшарттар жасасуға мүдделі», - делінген хабарламада.
Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда серіктестігі екенін атап өтіп, Ж. Айтжанова келіссөздер үрдісінің тетіктері туралы ақпарат беріп, көптеген ұстанымдар бойынша келісімге кол жеткенін мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, келісімшарт бойынша сауда мен инвестициялар туралы тарау Қазақстан ДСҰ құрамына кіргеннен кейін күшіне енетіндігін айтты.
Кездесу барысында сұхбаттастар сонымен қатар Еуропалық Одақпен өзара визалық талаптарды жеңілдету, 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету, Қазақстанның Астанадағы ЕҚЫҰ миссиясымен ықпалдасытығы талқылады.
2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі орнына Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету мәселесіне тоқтап, Е. Ыдырысов бұл орынға сайлану еліміздің ең маңызды сыртқы саяси міндеттерінің қатарына кіріп, қазіргі күннің өзінде Қазақстан аталған ұйымға өзінің сұранысын ілгерілеті үшін белсенді жұмыс жүргізуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы