- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Төрағасы Франция Сенатының делегациясын қабылдады
Сенат Төрағасы Франция Сенатының делегациясын қабылдады
8 Қыркүйек, 2014 18:45
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Франция – Орталық Азия» достық тобының төрағасы Андре Дюлэ бастаған Француз Республикасы Сенатының делегациясын қабылдады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Сенатының төрағасы Қазақстан мен Францияның түрлі салалардағы ынтымақтастығының қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Парламентаралық байланыстарға қатысты Қ.Тоқаев екіжақты үнқатысуды кеңейту үшін екі елдің Парламенттерінде жұмыс істеп келе жатқан «Франция-Қазақстан» достық тобының әлеуетін белсенді дамыту қажет екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Франция депутаттарының өзара іс-қимылының зор маңызы бар.
А.Дюлэ сондай-ақ парламенттік ынтымақтастық топтарының өзара іс-қимылының маңызды екенін атап өтіп, қазақстандық сенаторларды Францияға келуге шақырды.
Жоғарғы Палатаның басшысы француз әріптестерін еліміздің жоғары заң шығару органының қызметі және Сенатқа сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар