Астанада тамыз айында 460 кәсіпорын тіркелді – әкімдік

8 Қыркүйек, 2014 17:48
Ағымдағы жылдың тамызында 460 кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелді, деп қала әкімдігі статистика департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тіркелген жаңа заңды тұлғалардың 436-сы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС) болып тіркелген. Сонымен қатар, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар ішінде қоғамдық бірлестіктер мен қорлар (бұдан әрі - ҚБ) 13 бірлікті, мекеме - 4, тұтыну кооперативі (бұдан әрі - ТК) - 3, заңды тұлғалар бірлестігі - 3, 1 - толық серіктестікті құрайды.

28 - ЖШС, 1 - тұтыну кооперативі жойылды.

«Ағымдағы жылғы тамызда тіркелген заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің саны 321, әйелдер - 139-ды құрады. Осы кезеңде жойылған кәсіпорындар арасында ерлердің саны 25, әйелдер - 5 адамды құрады», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар