- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жастардың кадрлық резерві – 2014» жобасының үшінші кезеңі өтті
Астанада «Жастардың кадрлық резерві – 2014» жобасының үшінші кезеңі өтті
«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл байқау сайтына 3146 өтініш берілді. Құжаттарды жинау соңында қатысушылар іріктеу сынынан өтті. Соңғы кезеңге 80 үміткер шықты.
«Биылдан бастап аталмыш жоба «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін болады. Бұл дегеніңіз, енді іріктелген үміткерлер партия жұмысына да ат салыса алады. Бүгін біз 80 үміткерді тыңдадық. Соның ішінде бірнеше жоба менің қызығушылығымды тудырды», - дейді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.
«Комиссия мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы балабақшаға кезекке қоюға арналған жаңадан туған балаларды тіркеуді трансформациялау, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени жобасы, сонымен қатар мектеп клубтарын дамыту жобалары секілді бірқатар жобаларды түртіп алды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2009-2013 жылдар аралығында жобаға 7000 мыңнан астам жас қатысты. Соның ішінде 5 пайызы, яғни 340 адам іріктеу сынындағы тестілеу, оқыту модулі, кәсіби құзіреттілікті бағалау, мемлекеттік органдардағы тәжірибеден өту сынды кезеңдерден өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы