• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада аймақтардың қатысуымен ауыл-шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі

Астанада аймақтардың қатысуымен ауыл-шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі

8 Қыркүйек, 2014 19:21
Астанада 20 қыркүйектен бастап, демалыс күндері ел аймақтарының дәстүрлі ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Астанада аймақтардың ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері осымен 5 жыл өткізіліп келеді.

20-21 қыркүйек күні Астанаға өз өнімдерін ұсыну үшін Алматы облысының ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілер келеді. Барлық өнім түрлері Астана қаласының базарларында қалыптасқан бағадан әлдеқайда арзан бағада сатылатын болады.

Алматы облысының жәрмеңкесінде жеміс-жидек, ет және сүт өнімдерін арзан бағаға сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Астанада ұйымдастырылған жәрмеңкеде Алматы облысының өкілдері 400 тоннадан астам өнім ұсынған болатын. Сол жылы олар тамақ өнімдерінің 24 түрін, атап айтқанда 193 тонна көкөніс, 110 тонна пияз, 50 тоннадан астам алма, 17 тоннаға жуық күріш, 7 тоннадай балық, 3 тонна бал, сондай-ақ 60 тоннадан астам ет және т.б. көптеген өнім түрлерін әкелген болатын.

 

Барлық жаңалықтар