- Басты
- Жаңалықтар
- «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына интерактивті дауыс беру аяқталды
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына интерактивті дауыс беру аяқталды
Дауыс беру елдің сайттарының бірінде ғаламтор арқылы жүзеге асырылды, сонымен қатар қоңырау шалу мен смс хабарламалар да жіберілді.
Айта кету керек, аталмыш байқау отбасылық құндылықтар мен неке институтының беделін арттыруға арналған алғашқы ұлттық байқау болып табылады. Байқау отбасы образының оң бейнесін қалыптастырып, адамгершілік құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Байқауға жоғары еңбек, спорт пен шығармашылық, зияткерлік және ғылыми жетістіктерге ие жандардың отбасы қатысуда.
Сонымен қатар, байқаудың үшінші кезеңінде әр өңірден іріктеліп шыққан 16 отбасы өтті. Атап айтар болсақ, олар энергетиктер әулеті болып табылатын Павлодар облысынан Терентьевтер отбасы, Шығыс Қазақстан облысының Паницктердің ғалымдар мен экологтар отбасы, Астанадан Ахметовтердің теміржолшылар отбасы, Алматыдан Жұмаевтардың спортшы-альпинистер отбасы, Ақмола облысынан Мұқашевтердің оқытушылар отбасы, Ақтөбе облысынан Түсіпқалиевтердің медицина қызметкерлері отбасы, Алматы облысынан Есенғожиндердің ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған мейірімді отбасы, Атырау облысынан Бешімовтердің мұнайшылар отбасы, Батыс Қазақстан облысынан оралмандар ансамблі болып табылатын Сәндібековтер отбасы, Жамбыл облысынан Ережеповтердің өрт сөндірушілер отбасы, Қарағанды облысынан Сәпиевтердің Олимпиада чемпиондары отбасы, Қызылорда облысынан көпбалалы Әлібековтер отбасы, Қостанай облысынан Жаңбыршиновтердің зоотехниктер отбасы, Маңғыстау облысынан мүгедек отбасы болып табылатын Құлышевтер, Солтүстік Қазақстан облысынан ішкі істер органы қызметкерлерінің Магомедовтер отбасы және Оңтүстік Қазақстан облысынан көпбалалы Бимағамбетовтер отбасы.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері