• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еліміздің экономикасының 45 пайызы мұнай-газ саласына байланысты – Қ. Көшербаев

Еліміздің экономикасының 45 пайызы мұнай-газ саласына байланысты – Қ. Көшербаев

8 Қыркүйек, 2014 16:27
Еліміздің экономикасының 45 пайызы мұнай-газ саласына байланысты, бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Кқшербаев мүнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау барысында айтты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Еліміздің экономикалық әлеуетінің артуында республикамыздың батыс өңірі мен Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, ондағы еңбек етіп жатқан мұнайшылардың үлесі зор. 

«Мұнай өндіру көлемі Қызылорда облысында азаттықтың алғашқы жылдарымен салыстырғанда 3 есеге артты. Еліміздің экономикасының 45 пайызы мұнай-газ саласына байланысты. Сондықтан Сіздердің қажырлы еңбектерініңіздің арқасында мемлекет дамып келеді. Мұнай компаниялары халықтың әлеуметтік жағдайында ұмыт қалдырған емес», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Салтанатты шарада сала үздіктері облыстың «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» және ҚР Энергетика  министрлігінің төсбелігелермен марапатталды

 

Барлық жаңалықтар