• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тараз қаласының су құбыры мен кәріз жүйелерін ауыстыруға 78,4 млн теңге жұмсалды – әкімдік

Тараз қаласының су құбыры мен кәріз жүйелерін ауыстыруға 78,4 млн теңге жұмсалды – әкімдік

8 Қыркүйек, 2014 15:34
Тараз қаласының коммуналдық кәсіпкерліктерін жылыту маусымының дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.

«ТаразТранс Энерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпкерлігі 188,8 шақырым жылу желісіне қызмет көрсетеді, соның ішінде 32 шақырымы магистральді жүйе. Кәсіпкерлік директоры Ерік Көшербаевтың айтуынша, биыл кәсіпкерлікте 2894 метрлік 25 мм-ден 500 мм-ге дейінгі диаметрлі жылу желісін алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстардың бүгінгі таңда 97 пайызы аяқталған.

Сонымен қатар, қалада барлық 54 газ тарату пунктерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Ал катодты станциялардың 167-сінің 162-сі жөндеуден өтті. Жер асты газ құбырының сырлау жұмыстары аяқталды, оларды қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын. Газ құдықтарының 590-ының 507-сі тазартылды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының 88 пайызы атқарылған.

«Ал «Тараз-су» МКК өзінің қаражаты есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде су құбыры мен кәріз жүйелерінің алмастырылуына 78,4 млн теңге жұмсалды. Осы жұмыстар аясында 1,4 км су құбыры желісі мен 89 км су құбыры және 234 км кәріз жүйелері тазартылды», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар