• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларына онлайн қосылу мүмкіндігі ұсынылады – Кәсіпқор холдингі

2015 жылы оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларына онлайн қосылу мүмкіндігі ұсынылады – Кәсіпқор холдингі

8 Қыркүйек, 2014 13:19
2015 жылы оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларына онлайн қосылу мүмкіндігі ұсынылады, деп мәлімдеді «Кәсіпқор» холдингінің басқарма төрайымы Эльдана Садуақасова.

«Келер жылдан бастап қосымша түрде онлайн білім беру қағидасы енгізіледі. Ол үшін бізге «Қазақтелекомның» көмегі керек. Олармен бірлесіп біз бағдарламаны дайындайтын боламыз. Балаларда біздің білім беру бағдарламаларымызға қолжетімділік пайда болады», - дейді Э.Садуақасова.

Оның айтуынша, мектеп оқушылары үш жылда ағылшын тілін барынша жеделдетілген әдіспен үйрене алады.

«Барлық оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда Қазақстан кәсіпкерліктерінің 6 пайызы жоғары деңгейдегі технологиялық құрылғылармен жұмыс істейді. Олардың барлығы тиісінше шетелдік жұмыс күшін алып келеді. Біз енді шетелдік жұмыс күшін өзіміздің түлектермен алмастырғымыз келеді», - дейді.

«Алматы мен Астанада салатын колледждер бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен жетім балаларды, ауыл жастарын тартуға арналған», - дейді.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар