- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына арналған веложарыс өтеді
Өскеменде қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына арналған веложарыс өтеді
8 Қыркүйек, 2014 14:31
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына орай 2014 жылдың 12-13 қыркүйекте Өскеменде екі күндік «Tour de Oskemen» веложарысы өткізіледі.
«Веложарысты жоспарлауда Халықаралық велосипедшілер одағының ұсыныстары ескерілді. Тур бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен қатар, жарыс жазық жол және тауға қарай көтерілуден тұрады. Шара өңірдің барынша әсем жерлерін жарнамалауды мақсат етеді», - дейді дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісі Әбіл Донбаев.
Оның айтунша, шараға қатысушылар ретінде Ресей мен Өзбекстан спортшылары да тіркелген.
Қазақстан атынан жарысқа еліміздің 7 өңірінің спортшылары бақ сынасады, сонымен қатар «Astana Pro Team», «Almaty Bro Team» мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы бар.
Жарыс екі кезеңмен өткізіледі. Яғни, кәсіпқойлар мен әуесқойлар болып бөлінген. Жарысты көрсету үшін арнайы шығармашылық топ та бекітілген. Жарыстың жүлде қоры 5,7 млн теңге.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады