• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Тоқаев: Шұғыл жарияланған заң жобалар топтамасы бойынша қалыптасқан жұмыс қажет

Қ. Тоқаев: Шұғыл жарияланған заң жобалар топтамасы бойынша қалыптасқан жұмыс қажет

8 Қыркүйек, 2014 14:46
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының Бюро отырысы өтті.

Бюрода 2014 жылғы 11 қыркүйекте болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі талқыланды.

Отырыста «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау жоспарланып отыр.

Депутаттардың қарауына кейбір заңнамалық актілерге сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы да (бірінші оқылымда) ұсынылатын болады.

Қ.Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалауды сапалы заңнамамен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы шұғыл деп жариялаған заң жобаларының топтамасы бойынша қалыптасқан жұмыстың қажеттігіне Бюро мүшелерінің назарын аударды.

 

Барлық жаңалықтар