• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да медициналық мекемелерді дәрігерлермен қамтамасыз ету жайы талқыланды

СҚО-да медициналық мекемелерді дәрігерлермен қамтамасыз ету жайы талқыланды

8 Қыркүйек, 2014 12:28
Солтүстік Қазақстан облысында 1465 дәрігер мен 5117 орта деңгейлі медицина мамандары жұмс істейді. Бұл туралы өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Мәриям Бапанова мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

М.Бапанованың айтуынша, облыстағы дәрігер мамандығында 200 дәрігер бар, соның 79-ы ауылдарда, 121-і қала бойынша. 2014 жылы ауылға 75 жас маманның келуі жоспарланған. Бүгінгі таңда солардың 50-і келді. Солардың 27-сі ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Тағы 8-і резидентураға түскен.

Өңір басшысы мамандарды тарту бойынша шаралар жоспарын дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар, жиында күзгі жәрмеңкелер ұйымдастыру мен облыстың ауылдық елді мекендеріне сүт сатып алуды ұйымдастыру тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды.

«Тамыз айынан бері апта сайынғы жәрмеңкелер өткізілуде. Өңдеуші өнеркәсіптер мен қала кәсіпкерлері осы жәрмеңкелерге азық-түлік өнімдерін, көкөніс өнімдері мен бал өнімдерінің құны 52 млн теңгелік тауарын әкеліп сатты», - делінген хабарламада.

«Жәрмеңке халық арасында үлкен сұранысқа ие. Дәстүрлі шара қыркүйек пен қазан айларында да жалғасын таппақ», - деді әкім.

Сонымен қатар, Ерік Сұлтановтың айтуынша, жергілікті өндірушілерден көкеніс сатып алу мәселесін жіті назарға алу керек.

Барлық жаңалықтар