- Басты
- Жаңалықтар
- 20 елде ұзақмерзімді 2050 Стратегиясын түсіндіру шаралары ұйымдастырылады
20 елде ұзақмерзімді 2050 Стратегиясын түсіндіру шаралары ұйымдастырылады
«Стратегияның басты орындаушыларының барлық бұқара халық екені белгілі. Стратегияның өз деңгейінде орындалуы халықтың осы туралы кеңінен ақпараттануына келіп тіреледі. Оның идеясы, мақсаты мен міндеттемелері әрбір қазақстандық азаматқа жеткізілуі тиіс», - дейді М.Әзілханов.
Вице-министрдің айтуынша, ұзақмерзімді бұл құжат араб, түрік, монғол мен өзбек тілдеріне аударылған. «Биыл біз Стратегияны шетелдерде кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыра түсеміз. Шара 20 елде ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, Қытай, Монғолия, Франция, Швеция, Голландия, Норвегия, Ресей, Германия және басқа де мемлекеттерде», - дейді вице-министр.
Оның пікірінше, ақпараттық-насихаттау жұмыстарының тиімділігін арттыру жоспарлануда. «Біздің міндетіміз бүгінгі таңда кездесулерді жандандырып, оны барынша өнімді етіп, жаңаша форма іздеу болып табылады», - дейді.
Сонымен қатар, онлайн конференция өткізу жобаларын да іске қосу қарастырылуда. Алаңдарда сараптамалық қауымдастықтар 2050 Стратегиясының қазіргі орындалу қарқынын талқылайтын болады.
Шараға Қазақстанның әр өңірінен 100 шақты делегат қатысуда, араларында оқымыстылар, мұғалімдер мен сарапшылар бар.
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар