- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Трансформация бағдарламасын мақұлдады
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Трансформация бағдарламасын мақұлдады
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ел Президенті әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену туралы нақты мақсатымызды белгілеп берді. Осы мақсатқа жету жолында «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстанның ірі компанияларын басқарушы холдинг ретінде ерекше рөл атқарады. Осы міндет ауқымында холдингтегі бизнесті жүргізу тәсілін қайта қарау мен бүгінгі Трансформация бағдарламасын табысты жүзеге асыру біздің жұмысымызды жүйелендіре түспек», - деп атап өтті Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Бағдарлама негізгі үш мақсатты іске асыруды көздейді: қолдағы активтердің құнын арттыру, портфельді оңтайландыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру.
Активтер құнын арттыру мақсатында бизнес-үрдістерге реинжиниринг жасау, портфельді компаниялар қызметі мен олардың стратегиясын қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша қайта қарау маңызды. Портфельді оңтайландыру компаниялардың заңдық құрылымдарын қайта жасақтап, негізгі емес активтер мен әлеуметтік жобаларды портфельден шығаруды, Портфельді компаниялар арасындағы қаржыны, кіріс пен тәуекелді ескере отырып, қайта бөлетін белсенді инвестициялаудың жаңа тәсілін енгізуді мақсат етеді.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру жұмыстары аясында Үкіметпен, реттеуші құрылымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, Қордың салалық командаларын күшейту және Директорлар кеңесінің рөлін, өкілеттігі мен құзіретін өзгерту жоспарланып отыр.
Биылғы жылы трансформация үдерісі бірқатар бағыттар бойынша басталып та кетті, оның ішінде Қор мен үш ірі портфельді компания - «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазпочта» АҚ бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы