• Басты
  • Жаңалықтар
  • 1 қазанда Оралда мемлекеттік бағдарлама бойынша 96 пәтерлік тұрғын үй тапсырылмақ

1 қазанда Оралда мемлекеттік бағдарлама бойынша 96 пәтерлік тұрғын үй тапсырылмақ

8 Қыркүйек, 2014 09:16
1 қазанға қарай Оралда «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталмақ.

«Үйдің пайдалануға берілуі 96 отбасының жаңа баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік береді, аталмыш отбасылардың 48-і тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұтынушылары. «Отделстрой» ЖШС салған үйде 24 бір бөлмелі, 32 екі бөлмелі, 40 үш бөлмелі пәтер бар», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Осынау ғимаратқа қарама қарсы «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша екі 5 қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның әрқайсысында 90 пәтер бар, барлық пәтерлер 5530,8 шаршы метрлік қос бөлмелі үйлер.

Тұрғын үй құрылысы жұмысымен танысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыстың аяқталғанынан кейін аймақта қоқыс қалдырмау жағын мердігерлерге мықтап түсіндірді.

«Кейде мердігерлер құрылысты бітіргеннен кейін арттарынан қоқыс тастап кетеді. Бұл өз кезегінде пәтер иелерінің наразылығын тудыратыны анық. Сол себепті жалпы құрылыс мәдениетін сақтап, эстетикалық сұлулыққа да мән берулеріңізді сұраймын», - деді әкім.

Барлық жаңалықтар