Астанада 11 заңды тұлға ағымдағы жылы жекешелендіріледі – әкімдік

7 Қыркүйек, 2014 10:33
Астанада 38 заңды тұлға жекешелендіріледі, оның ішінде 11 заңды тұлға 2014 жылы үрдіске енеді, 7 заңды тұлға – 2015 жылы, 20 заңды тұлға – 2016 жылы, деп қалалық әкімдікте хабарлады.

Бүгінгі таңда Астана қаласының әкімдігі бәсекелестік ортаға 11 коммуналдық заңды тұлғаны берді. Олардың жекешелендіру арқасында жергілікті бюджетке 244,7 млн теңге түсті.

«Толыққанды жекешелендіру оң көрсеткішке әкеледі. Жергілікті атқарушы органдар қызметтер мен салалық емес активтерден құтылады. Сондай-ақ, қала экономикасында шағын және орта бизнеске серпін беру үшін мемлекеттік қатысы бар кәсіпорындар үшін орын қалдырылды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар