• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек: 22 жыл ішінде Қазақстан халқының жан басына шаққанда ЖІӨ 20 есеге өсті

Б.Байбек: 22 жыл ішінде Қазақстан халқының жан басына шаққанда ЖІӨ 20 есеге өсті

6 Қыркүйек, 2014 13:14
22 жыл ішінде Қазақстан халқының жан басына шаққанда ЖІӨ 20 есеге өсті, деп «Shape Eurasia 2014» форумында «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«22 жыл бұрын Қазақстан  халқының  жан басына шаққандағы ЖІӨ-сі 600 доллар болатын. Осы уақыт аралығында ол 20 есеге өсіп, 12,5 мың долларды құрады. Бүгінде экономиканың көлемі 2 есеге өсті. Орталық Азияға келген 70 инвестиция Қазақстанға келді», - деді ол.

Сондай-ақ, Б. Байбек Президент жаңа Стратегияда 30 дамыған ел қатарына 2050 жылға дейін ену тапсырмасын қойып отырғанын атап өтті. Оған қоса, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 60 мың долларға жеткізу қарастырылған.

«Президент жаңа Стратегияда 30 дамыған ел қатарына 2050 жылға дейін ену тапсырмасын қойып отыр. Оған қоса, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 60 мың долларға жеткізу қарастырылған, демек 35 жылдың ішінде 5 есеге көбею қажет», - деді ол.

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар