- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Shape Eurasia 2014» форумы әлемнiң 45 елiнен 100-ден астам жас көшбасшының басын қосты
Астанада «Shape Eurasia 2014» форумы әлемнiң 45 елiнен 100-ден астам жас көшбасшының басын қосты

«Екі жыл бұрын мен осы залда Global Shapers-тің Қазақстандағы хабының ашылуында сөз сөйлеген едім. Ол кезде бұл астанамыздағы санаулы ғана жастың әсіре идеясы сияқты көрінген. Көп адам күмәнмен қарады. Алайда хаб құрылды. Осы аз уақыттың ішінде астаналық шейперлер қолдарынан іс келетінін көрсетті. Этносаралық және дiнаралық сұхбатты құру, жастар үшiн әлеуметтiк лифтiлердi дамыту, 21 ғасырдың халықаралық бiлiм беру жүйесi, жастар кәсiпкерлiгiн дамыту мәселелерi күн тәртiбiнде қаралатын болады», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек.
Өз сөзiнде ол Астана хабы жаңа буынның қоғамдық лидерлерін қалыптастыра отырып, жарқын, бірегей тұлғаларды қатарына тартатын шын мәнісіндегі әлеуметтік лифтіге айналып отырғанын атап өттi.
«Сіздердің барлығыңыз да ғаламдық лидерсіздер, көшбасшылықтың маңыздылығы мен салмағын жақсы білесіздер. Сіздер әрбір идеяның, әрбір жобаның негізінде тұлға, жасампаздық энергиясы, сенімділік және күнделікті еңбек жатқанын түсінесіздер», - деп толықтырды ол.
«Біз Қазақстанда лидерліктің құндылығын және тұлғаның маңыздылығын өте жақсы білеміз. Біздің еліміз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап аймақта көшбасшы болуға, білім мен ғылымда, экономикалық дамуда, ядролық қарусызданудың ғаламдық үдерісінде көшбасшылық етуге бет түзеді», - дедi Б.Байбек.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды

