Астанада 60 көлік белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген- ІІД

7 Қыркүйек, 2014 11:32
Астана қаласының полиция қызметкерлері белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлітерді анықтайды.

ІІД хабарлағандай, елордалық жол-патрульдік полиция қызметкерлері ІІД ӘПБ тіркеу бөлімшелерінде өздерінің көліктерін  уақытша есепке уақтылы  тіркелмеген Қазақстанның басқа аумақтарынан келген көлік иелерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Бүгінгі күнде көрсетілген бұзушылықтар  жасағаны үшін 60 жуық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке  тартылып, оларға  миллион теңгеден жоғары сомасында айыппұл салыныған.

«Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат ету және жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалардың және жол қозғалыс қатысушыларының міндеттері  туралы негізгі ережелер» атты Жол қозғалыс Ережелерінің 2 Қосымшасының 2 тармағына сәйкес тұрақты тіркеу орнынан 2 айдан артық шығып кеткен механикалы көлік құралдар  келген орындарына уақытша тіркелуге міндетті.

Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексіне сәйкес ЖҚЕ 2 Қосымшасы 2 тармағындағы көрсетілген мерзімде белгіленген тәртіпте есепке қойылмаған көлікті жүргізген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 461 бабының 2 бөлімшесімен қарастырылған әкімшілік  ықпал ету шаралар   қолдануы мүмкін. Осыған сәйкес  белгіленген тәртіпте есепке қойылмаған көлікті жүргізу үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

 

Барлық жаңалықтар