- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Алматыда ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Ведомствода хабарлағандай, үйлестіру кеңесінің отырысы барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ден қою тәртібі туралы ережені іске асыру механизмінің жобасын әзірлеуге, бірыңғай ақпараттық-бағдарламалық кеңістік жасауға байланысты мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ 2015 жылға арналған жоспары мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер уәкілетті органдардың өзара іс-әрекеттерін пысықтау және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу кезеңділігі бойынша басқа бірлескен іс-шаралары туралы, төтенше жағдайлардан зардап шеккен мемлекетке жіберілетін ҰҚШҰ үйлестірушілері туралы ереже жобасын әзірлеу барысы туралы ақпарат қаралды.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қызметтерінің өртке қарсы және авариялық-құтқару органдары қызметтері үшін мамандарды тегін оқытуды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау барысы туралы,ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін арнайы техника мен қару-жарақтарды жеңілдікпен сатып алу режимі механизмін жасау, құтқару бөлімшелерін заманауи арнайы техника үлгілерімен жарақтау туралы баяндамалар ұсынылды.
Сонымен қатар Армения Республикасының аумағында ресей-армян гуманитарлық ден қою орталығын құру, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізу және ТЖҮК кезекті отырысын 2015 жылы өткізу мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі жетінші отырысының хаттамасы қабылданды, онда барлық қабылданған шешімдер жазылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр