Ақтөбе облысында ағаштар мен бұталарды есепке алады-әкімдік

6 Қыркүйек, 2014 11:02
Ақтөбе облысында жасыл желекті қорғау және сақтау ережелері бекітілді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, құжатта технологиялық үрдістердің тәртібі мен оларды жүзеге асыру бекітілген, сондай-ақ, жасыл желекті қорғау саласында құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту шаралары жазылған.

«Мәслихат арқылы қабылданған тәртіптер Ақтөбе және оның аудандарына жасыл желекті отырғызу реестрі түсінігін енгізеді. Бұл жасыл желектің түрі мен типі және орналасуы туралы ақпарат. Реестрдің басты міндеті – әрбір ағаш пен бұтаны есепке алу», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құрылысты жобалау кезінде құрылысшылар алаңның 20 пайызын жасылдандыруға қарастыру керек. Оған қоса, құрылыс қалалық пішіндерге сәйкес архитектура органдарының тәртіптеріне сай жүргізілуі тиіс.

 

Барлық жаңалықтар