• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алқа отырысында Ә.Исекешев ҚР Инвестиция және даму министрлігі қызметінің басым бағыттарын атады

Алқа отырысында Ә.Исекешев ҚР Инвестиция және даму министрлігі қызметінің басым бағыттарын атады

5 Қыркүйек, 2014 18:39
ҚР Инвестиция және даму министрлігі қызметі алдыңғы қатарлы технологияларды қабылдай отырып инвестиция тарту негізінде экономиканың нақты салаларының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталады, деді ведомствоның алқа отырысында министр Әсет Исекешев.

Өз сөзінде ол қайта ұйымдастырудан кейін біріктірілген 4 ведомствоның (ИЖТМ, ККМ, БАА, ҰҒА) 68 құрылымдық бөлімшелерінің ҚР ИДМ құрамында 25 құрылымдың бөлімнің қалғанын айтты. Осылайша құрылымдық бөлімнің саны 2,5 есеге дейін қысқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып министр жыл соңына дейінгі жұмыстардың басым бағыттарын анықтап, алдағы жылдардағы ведомство қызметінің басым бағыттарын айтты.

«Жаңа министрлік алдына индустрияландырудың бірінші бесжылдығын сәтті аяқтап, өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқынын арттыру тапсырмасы жүктелді. Және оның екінші кезеңіне кірісіп, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға кірісу  керектігін айтты», - делінген хабарламада.

Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында Әсет Исекешев жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер арасындағы құзіретті шектеу жұмыстарының қажеттілігін айтып, мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік емес секторға беру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Министр сонымен қатар халық пен кәсіпкерліктерге мемлекеттік қызмет қолжетімділігі деңгейін арттыруды тапсырып, 2017 жылға дейін барлық мемлекеттік жүйені интеграциялап, «электронды үкімет» платформасында мәліметтер базасын жетілдіру міндетін алға қойды.

Барлық жаңалықтар