• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада автобус көлігінің жедел жүйесін салу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды

Астанада автобус көлігінің жедел жүйесін салу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды

5 Қыркүйек, 2014 18:45
Астанада автобус көлігінің жедел жүйесін салу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«БРТ - ол жедел автобустарды реттеп отыратын жүйе. Жолаушылардың жедел автобустары арнайы бөлінген жолақ арқылы қозғалатын болады. БРТ  - ол халықаралық Астана әуежайын,  ЭКСПО-қалашығын, Абу-Даби Плаза мен жаңа теміржол вокзалын өзара жалғастыратын  болады», - делінген хабарламада.

Жол жүру билетттерін сатып алу метро жүйесімен бірдей болады. Осылайша жолаушыларды түсіру және мінгізу кезінде біршама уақыт үнемделетін болады.

Айта кетерлік жайт, алғашқы кезде БРТ желісі бойынша 18 станция салынады.

Барлық жаңалықтар