Абай оқуларына қатысу үшін Семейге 65 оқушы жиналды

5 Қыркүйек, 2014 18:09
Орта мектеп оқушыларының арасында өтетін республикалық Абай оқулары байқауына қатысушылар Семейге келді, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Жыл сайынғы «Абай  оқулары» байқауы оқушылар арасында Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізіліп келеді. Республикалық Абай оқулары – жас таланттардың қанаттарын қатайтып, талабын шыңдайтын шығармашылық мектеп. 

Байқауға Қазақстанның  барлық облыстарынан 23 команда, 66 оқушы қатысады. Олар Абай мен  Шәкәрім  шығармаларын мәнерлеп оқу  және өз өлеңдері мен музыкалық туындыларын орындау аталымдары  бойынша білім жарыстырады.  Байқау Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім мұражай кешенінде  өткізіледі.

«Жыл сайын Абай оқуларына қатысушы жас дарындардың санының көбейуі бізді қатты қуантады. Абай мен Шәкәрімнің 300-400 өлеңін және қара сөздерін жатқа оқу оқушының поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ойлау қабілетін жетілдіреді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өмірге деген көзқарастарын қалыптастырады. Бұл біздің мәңгілік еліміздің үміт артар болашақ жастарының үлкен жетістігі. Қымбатты жас өркен! Абай мен Шәкәрім сөздерін жаттап, сырына үңілген бүгінгі 15-ші Абай оқуларына байтақ Қазақстанның түпкір-түпкірінен келіп тұрған сендер- еліміздің алтын ұрпағы, дарынды өркенісіңдер.

 

 

Барлық жаңалықтар