Қазақстан мен Катар бірқатар сала бойынша ынтымақтастық орнатады

5 Қыркүйек, 2014 17:36
Доха қаласында (Катар) Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қанат Саудабаев және Катардың даму қорының бас директоры Ахмед бен Мухаммед Аль-Мерейхи екі Қор арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, құжаттар мәдениет, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларында байланыс орнатуды көздейді және келелі құжатқа қол қою Астанада 2014 жылдың қайтарында жоғарғы деңгейде келісілген болатын.

Меморандумға сәйкес тараптар ең алдымен Семей қаласында Семей полигонының ядролық сынақтарынан зардап шеккен жандар үшін Оңалту орталығының салу туралы келісті.

Барлық жаңалықтар