- Басты
- Жаңалықтар
- Білім және ғылым министрлігі оқулықтар жетіспеушілігінің себебін түсіндірді
Білім және ғылым министрлігі оқулықтар жетіспеушілігінің себебін түсіндірді
Брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі, Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева орта мектептерді оқулықтармен қамту ережесімен таныстырды.
ҚР Білім туралы заңының 6-бабына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің құзырына тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың бағдарламасын әзірлеу кіреді. Бекітілген бағдарлама жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Жергілікті атқарушы органдар (Алматы, Астана қалалары мен облыс орталықтары) өз кезегінде баспамен келісім-шартқа отырып, аймақтарындағы мектептерді қамтамасыз етуге міндетті.
«Оқулық жетіспеушілігінің басты себебі – аймақтық білім басқармаларының Министрлікке жалған ақпарат беруінде және жаз айларында қарқын алатын урбанизация мәселесін ескермей, дұрыс болжам жасамауларында. Қазір дұрыс ақпарат бермеген білім басқармаларына жалған ақпарат үшін шара қолдану керектігін айтып, облыс, қала әкімдеріне ресми хат жаздық» деп атап өтті өз сөзінде Жаңыл Алпамысқызы.
Оқу бағдарламасына оқулықтардың жаңаруы тек 4 жылда бір рет, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2014/15 оқу жылында тек 3-ші және 10-сыныптың оқулықтары ғана жаңартылған. Басқа сыныптардың оқулықтары жаңартылған жоқ, сондықтан олар биылғы оқу жылына жарамды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар