• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәдени-тарихи ескерткіштер Қазақстанда әлемдік туризмнің дамуына көмек береді – Н.Оразалин (Брифинг бейнебаяны)

Мәдени-тарихи ескерткіштер Қазақстанда әлемдік туризмнің дамуына көмек береді – Н.Оразалин (Брифинг бейнебаяны)

5 Қыркүйек, 2014 12:55
Қазақстанның атақты мәдени орындардың бірі мүмкіндік мол. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин мәлімдеді.

«Туризм қазіргі таңда әлемдегі ең ірі атрибуттардың біріне айналып отыр. Ол қазіргі таңда мемлекеттің мәдениетін танытып қана қоймай, сонымен қатар елге пайда әкелу көзіне де айналды. Осы орайда Қазақстанның бұл салада биікке көтерілу мүмкіндігі бар», - дейді сенатор.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, Қазақстанның мәдениетінің тарихи ескерткіштерінің арқасында мол турист ағымын қамтамасыз етуге болады.

«Біздің ол үшін барлық ескірткіштеріміз бен тарихи-мәдени оратылықтарымыз жетеді. Біз осылайша мәдениетімізді дамытып қана қоймай, туристерді тартып қаражат таба аламыз», - деді.

Оның айтуынша, сақ-скиф дәуірінен қалған тарихи ескерткштер әлемдік мәдениеттің маңызды бір бөлігі екені даусыз.

«Мысалға, бізде сақ-скиф дәуірінің бай тарихи құндылықтары бар. Менің ойымша, ол әлемдік мәдениеттің маңызды бір бөлігі екені даусыз. Осыны біз өзіміздің пайдамызға қолдана білуіміз керек», - дейді сенатор.
Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар