• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елордада мемлекеттік тілдегі жарнама деңгейін арттыру жұмыстары жүргізілуде (ФОТО)

Елордада мемлекеттік тілдегі жарнама деңгейін арттыру жұмыстары жүргізілуде (ФОТО)

5 Қыркүйек, 2014 12:40
Астанада Қазақстан халқы тілдер фестивалі аясында «Үздік жарнама» байқауы өтеді. Байқауға жарнама саласында жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғалар қатысады. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді қолдана отырып осы саланы кеңейте түсу, тілдік мәдениетті арттыру, қазақ тіліндегі жарнама дайындау сауаттылығына қолдау көрсету.

Жоспар бойынша, байқауға қатысушылар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі эскизді жобаны өткізуі тиіс. Жұмыстар мына талаптар бойынша бағаланады: тақырыптың өзектілігі, жарнама мәтінінің мазмұны мен тартымдылығы, креативтілік пен дизайнерлік сәндеу шеберлігі.

«Өздеріңізге де белгілі, орыс тілдеріндегі жарнамалар сауатты жазылады да, қазақ тілінде қателердің кетіп жатады. Бұны тек қазақ тіліндегі түпнұсқа жарнаманы жасамай жеңу мүмкін емес. Жарнаманың жүк пайызы дерлік орыс тілінде жазылады. Кейін қазақшаға аударылады», - дейді Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы жетекшісі Ербол Тілешов.

Оның айтуынша, түпнұсқа тілдегі жарнама барынша креативті көрінеді, ал аудармадан кейін ол өзінің мәнін жоғалтып алады.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар