Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында Астанада 11 шара өтеді

5 Қыркүйек, 2014 12:05
Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында Астанада 11 шара өтеді, деп Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Ербол Тілешов мәлімдеді.

«Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында Астанада 11 шара өтеді.Шара А. Байтұрсыновтың  туған күніне орайластырылған», - деді Е. Тілешов.

 XVI қалалық фестивальдің ашылуы 5 қыркүйек күні 17.00-де Астана қаласының Ұлттық сурет галереясында өтеді.

Фестивальдің мақсаты – Қазақстан халқы тілдерін насихатау, қоғамдағы рөлін түсіндіру және ұлттық құндылықтарға сыйластықпен қарауды үндейді.

Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда Астанада 74,5 пайыз қазақ ұлты екенін атап өтті.

«Бұл көрсеткіш  оңтүстік ауданның  халқын құрайды. Астана Атырау мен Қызылордадан кейін 3-ші орында», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар