- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада ғалымдар күріш өндірісін дамыту мәселесін талқылауда
Қызылордада ғалымдар күріш өндірісін дамыту мәселесін талқылауда
Топырақтың тұздылығына қарамастан Сыр диқандары күріштен жақсы өнім алып келеді. Биыл шаруалар 81 мың гектар алқаптан өнім жинауға кірісті. Несібесін жерден терген қауым үшін қауырт шақта жаһан ғалымдары біздің өңірге арнайы ат басын бұрып, тәжірибелерімен бөлісті.
Ал, Халықаралық ғылыми зерттеу институтының болжамы бойынша Батыс және Орталық Азияда күріш өндіру көлемі 2035-шы жылға қарай 84 пайызға артпақ. Ендеше, ерте қамданбасқа болмайды. Сала мамандары ғалымдар ең алдымен тұзға төзімді жаңа сорттарды өндіріске енгізуге көңіл бөлу керектігін айтып отыр. Бұл бағытта «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» белсенді жұмыс жасап жатыр. Институт директоры Серікбай Өмірзақов биыл өндіріске жаңа сорттар енгізгенін мәлімдеді.
Күріштен өнім жинаудан әлемде 15 мемлекеттің қатарындамыз. Бізде орташа есеппен гектарына 45-50 центнерден өнім жиналады. Бізді шаң қаптырып кетіп отырған мемлекеттер жетерлік. Мәселен, Египет диқандары гектарына 95 центнерден өнім алады. Ресейде күріш жармасының орташа түсімі 70 центнерден келеді.
Сондықтан жаңашылдықты жатсынбай жаңа технологияларды өндіріске енгізу керек. Қазақстандық және Батыс пен Орталық Азия елдері ғалымдарының басын қосудағы негізгі мақсат та осы. Күріш өсіруден тәжірибесі бар елдермен іскерлік байланыс орната отырып, олардың көшіне ілесу.
Жалпы, шетелдің ғалымдар үш күн бойы семинар-кеңес өткізіп, шаруашылықтардың егіс алқаптарын аралап көреді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды