• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында жыл соңына дейін сумен қамтамасыз ететін 11 нысан іске қосылады

Ақмола облысында жыл соңына дейін сумен қамтамасыз ететін 11 нысан іске қосылады

5 Қыркүйек, 2014 10:16
2014 жылы сумен қамтамасыз етудің 11 нысанын іске қосу жоспарланған, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

«2014 жылы сумен қамтамасыз етудің 11 нысанын іске қосу жоспарланған. Олардың 2 - құрылыс,  9 - қайта құру және күрделі жөндеу нысандары, 1 - ұңғыманы бұрғылау. Сапалы Ауыз сумен қамтамасыз ету  үшін сумен қамтамасыз ету нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 5 нысан іске қосылды», - делінген хабарламада.

Сонымен, халықты сумен қамтамасыз ету 56,6%-дан 59,2%-ға дейін артады.

Бұдан басқа 2020 жылға дейін ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 80%-ға дейін жеткізу үшін  2014 жылы 76 елді мекенде ауызсу қоры мен  4 кен орнында жерасты суларын іздеу басталды, бұл жұмыстар 2015 жылы аяқталатын болады. Сондай-ақ, 42 елді мекенде және 2 кен орнында ауызсу мен жерасты су қорын анықтау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжатнама жасақталуда.

Барлық жаңалықтар