- Басты
- БҰҰ ДБ Қызылорда облысында жаңа жобаны жүзеге асырады
БҰҰ ДБ Қызылорда облысында жаңа жобаны жүзеге асырады

Энергоүнемділік пен энерготиімділікке жұмыс жасап, тұрғын үйді қайта жаңғыртудың сапалылығына мән беруді мақсат еткен жобаны облыс әкімдігі қуаттап отыр. Қос тарап бүгін Қызылордада бас қосып, жаңа жобаның таныстырылым өтті.
«Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 3 жыл. Бірінші кезең бойынша, қаладағы 7-8 әлеуметтік нысан мен тұрғын үй жаңғыртудан өтеді. Жоба нысанның ішкі-сыртқы жаңғыртылуымен қоса, бастысы, электроүнемділік пен электротиімділікке қарай жұмыс жасайды. Халықаралық және отандық озық тәжірибелерді електен өткізе отырып қолға алынған ілкімді іс бұған дейін еліміздің Астана қаласы мен Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарында сәттті жүргізілді», - делінген хабарламада.
Бастысы, облыстық бюджеттен көп қаржы талап етпейді. Жобаның басым бөлігі Біріккен ұлттар ұйымы грантының негізінде жүзеге аспақ. Бағдарламаның қарапайым тұрғындарға тиімділігі, электр энергиясы мен жылуды тиімді әрі үнемді пайдаланып, шығынды азайтуға септігін тигізбек. Мұнымен қоса, жаңғыртудан өткен тұрғын үй құны да жоғарылайды.
Бағдарламаның екінші кезеңі бірнеше аудан мен Байқоңыр қаласын қамтымақ. Үш жылда пилоттық жобаға 1,5 млрд. теңге қаржы жұмсалса, соның 15 миллион теңгесі биыл жаратылады.
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда
-
Қазақстан экономикасын цифрландырудың жаңа міндеттері
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары
-
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды
-
Жаңа театр ғимаратындағы - жаңа премьера
-
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде
-
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды
-
COVID-19 әлемде: әлемде коронавирустың жаңа штаммы таралуда
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары
-
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді
-
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары

