- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы колледждерінің 35 түлегі Мәскеуге оқуға аттанды
Алматы колледждерінің 35 түлегі Мәскеуге оқуға аттанды
«Биылғы жылдың сәуір айында Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының оқыту, қайта даярлау, біліктілік арттыру мен мамандарды сертификаттау салалық оқыту-әдістемелік кластерін құру жобасы басталды. Бұл техникалық және кәсіптік оқыту саласының жаңа дамуы болып табылады. Осынау кластердің негізі жұмыс берушілердің салалық бірігуі. 18 шілдеде колледж түлектеріне «Алтын сертификат» тапсыру салтанаты өтті. Осы сертификаттың 12 иегері И.Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университетінде оқу мүмкіндігіне қол жеткізді», - деп хабарлайды Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың сәуір айында Қазақстанның полиграфтар қауымдастығы, ҚР баспашылары мен кітап таратушылары қауымдастығы бірлесе отырып полграфия мен баспа саласы мамандарына арналған оқыту, қайта даярлау, біліктілік арттыру мен мамандарды сертификаттау салалық оқыту-әдістемелік кластері ашылды. Кластердің оқыту-әдістемелік базасын жаңғыртуға қала әкімдігі 25 млн теңге бөлді.
Полиграфиялық кластердің қызметі аясында «Алтын сертификат» алуға Алмат полиграфия колледжі түлектерін сертификаттау ұйымдастырылды. Қазақстанның баспалары, полиграфтары мен кітап таратушылары қауымдастығы өкілдері біліктілік емтиханын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты. Нәтижесінде «Алтын сертификат» иегерлері анықталды.
Бүгінгі таңда 12 түлек «Алтын сертификат» иегері атанды. Тағы 23 түлекке Мәскеу университетінде білім алуға мүмкіндік беретін грантқа ие болды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу