Қазақстан және БАӘ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

5 Қыркүйек, 2014 09:16
ҚР Инновациялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев бейсенбі күні БАӘ Перспективті ғылым және технологиялар институтының (EIAST) бас директоры Юсефом аль-Шейбанимен кездесті, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазғарыш басшысы Қазақстанның ғарыш саласын қалыптастырудағы негізгі бағыттары туралы қысқаша айтып, бүгінгі күнге Қазақстан екі толыққанды спутниктік жүйеге – құрамында екі телекоммуникациялық спутнигі бар «Казсат» байланыс және тарату ғарыштық жүйесі және KazEOSat-1 пен KazEOSat-2 дәлдігі жоғары мен орташа спутниктерінен тұратын Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесіне ие.

Қазғарыш кәсіпорындары ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстарын айтқаннан соң, араб қонақтарын қазіргі заманғы ЖҚЗ қазақстандық спутниктерінің мүмкіндіктері, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі, Қазғарыш мамандарының ғарыш ғылымы, кадр дайындау және әлемдегі жетекші еуропалық компаниялардың ғарыш технологиялар трансферті саласындағы тәжірибесі мен зерттеулер қызықтырды.

«EIAST өкілдерін салынып жатқан бірегей Ұлттық ғарыш орталығына (ҰҒО) шақыра отырып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин 2016 жылдың соңына қарай ҰҒО объектілерін іске қосылысымен қазақстандық мамандар өз әріптестер мен серіктестеріне ғарыш аппараттарын жобалаудан бастап құрастыру мен сынауға дейін қызметтерді ұсына алатынын атап өтті», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар