• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру талқыланды

Ақмола облысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру талқыланды

4 Қыркүйек, 2014 17:34
Көкшетауда «Денсаулық аптасын» өткізу аясында Ақмола облысы білім беру басқармасының денсаулық сақтау басқармасы және облыстық салауатты өмір салтын құру орталығымен бірлесе ұйымдастырған «Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулездің өзекті мәселелері – қазіргі жағдайы, болашығы мен алдын алу шаралары» тақырыбында конференция өтті.

Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, конференцияның басты мақсаты – салауатты өмір салты қабілеттерін анықтау мен педагогтер мен ата-аналар қауымдастығының балалар арасындағы туберкулездің алдын алу мәселесі бойынша ақпараттану деңгейін арттыру жұмыстарын күшейтуді талқылау.

Айта кету керек, қазіргі таңда білім беру ұйымдары тарапынан оқушылар арасында салауатты өмір салтын тарату бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жыл бойы балалармен бірге салауатты өмір салтын құруға бағытталған ағартушылық және алдын алу шаралары өткізіледі.

Сонымен қатар, денсаулығы әлсіз балаларға арналған облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 18 санаториялық топ ашылды.

Барлық жаңалықтар