- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Парламент алдында жаңа ұрпақтың кодексін қабылдау тапсырмасы тұр
Қ.Тоқаев: Парламент алдында жаңа ұрпақтың кодексін қабылдау тапсырмасы тұр
Сенат төрағасы депутаттарды жұмысқа кірісулерімен құттықтап, сессияның ашылуында Мемлекет басшысының әлемдік экономика қатерлеріне жекелей тоқталып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға бағытталған нақты тапсырмалар бергенін айта кетті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған әкімшілік реформаларды іске асыруда Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді шектеу шараларын іске асыруға бағытталған заң жобасын қарауды тапсырып, осы заң жобасын қарауды жариялады. «Әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып біздің құрылымдық өзгеруімізге жаңаша сападағы құқықтық базаны құруымыз керек», - деді Сенат спикері.
Сенат төрағасының айтуынша, жаңа сессияда Үкіметтің алдында жаңа ұрпақтың кодексі Кәсіпкерлік және Азаматтық процессуалды, отандық арбитраждың дамуына бағытталған кодексті қабылдау бойынша тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, азаматтардың күнделікті өміріне әсер ететін рұқсаттамалық жүйені түбегейлі өзгертіп, осы салада заңнама тексерісін жүргізіп, кәсіпкерлікті тексеруді барынша азайту керек.
«Алдағы уақытқа айқындалған стратегиялық міндеттер Үкімет пен Парламенттің бірлескен және жауапты жұмысын талап етеді. Менің ойымша, біз Мемлекет басшысының депутаттар каникулын азайту туралы өтінішін қарап, дұрыс шешім қабылдаймыз деп ойлаймын», - деді Қ.Тоқаев.
Сенат депутаттары Қазақстан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Үкіметтері арасындағы Ауғанстанды тұрақтандыру мен қалпына келтіру бойынша халықаралық шаралардағы Солтүстік Ирландия мен Ұлыбритания Қарулы күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан арқылы транзиттік жүкті қамтамасыз ету туралы Келісімді ратификациялады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері