- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана-Бәйтерек» монументінің жаңаша жарықтандырылуы энергияны 7 есеге дейін үнемдейді
«Астана-Бәйтерек» монументінің жаңаша жарықтандырылуы энергияны 7 есеге дейін үнемдейді
Philips компаниясы алдында монументті қаланың ең сәулетті жарықтандыру нысанына айналдыру міндеттемесі тұрды. Осы орайда барлық архитектуралық жарықтандыру элементтерін бірыңғай жүйеге біріктіре отырып орталықтандырылған басқармаға қосу және қуат тұтыну деңгейін азайтып, энергия тиімділігін арттыру қажет болды.
«Біздің алдымызда қиын тапсырма болды. Өйткені монумент бұрын да ондай жүйемен жабдықталған. Ал жарықдиодты құрылғы осы жарықты барынша аз көлемде қуат тұтына отырып бере алады. Мұнда 16 құрылғы бар. Осы арқылы біз баяғы жарықты сақтай отырып, құрылғы саны мен тұтынатын энергия көлемін азайтуға мүмкіндік таптық. Ол үшін жобаны іске асыруға 3-4 ай кетті. Шамдардың жұмыс істеу мерзімі 60 мың сағат. Ол кешкі тоғыздан түнгі бірге дейін қосылады», - дейді компания менеджері Сергей Богданов.
Айта кету керек, жарықтандыру жүйесін алмастыру барысында жаңаша үлгідегі 16 жарықдиодты прожектор пайдаланылды. Олар монумент айналасына орнатылған. Олар арнайы дөңгелекше келген нысандарды жарықтандыруға арналған. Жеті бөлек түсті өзара байланыстыра отырып түнгі уақытта нысанға ерекше сұлу бейне сыйлайды. Осы прожекторлардың пайдаланылуы «Астана-Бәйтерек» монументін барынша жарқын және сәулетті ете түсетіні анық. Аталмыш құрылғыны пайдаланудың арқасында нысандағы қуат тұтыну деңгейі 7 есеге дейін азайып отыр.
Индира Қауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам