- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев аграршыларды озық технологиялар мен жұмыстың заманауи тәсілдерін белсене қолдануға шақырды
Н. Назарбаев аграршыларды озық технологиялар мен жұмыстың заманауи тәсілдерін белсене қолдануға шақырды
Кездесу алдында Мемлекет басшысы «Кутузовка-Алиби» ЖШС алқаптарында егілген астықтың жағдайымен және өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өндірген өнімдердің үлгілерімен танысты. Биыл облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдары егістігі 4,3 миллион гектар болды, ал салаға бөлінген субсидиялар шамамен 17 миллиард теңгеге жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта мемлекет аграрлық секторға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.
«Аграрлық секторды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы іске қосылды. Оның негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру. Бұл өте маңызды және ауқымды жұмыс», – деді Мемлекет басшысы.
Әңгіме барысында ауа райы дәл осындай Канадада гектарынан 20-25 центнер астық жиналатыны, ал Қазақстанда орташа астық шығымы 15 центнерден аспайтыны да айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев аграршыларды озық технологиялар мен жұмыстың заманауи тәсілдерін белсене қолдануға шақырды.
Қазақстан Президенті ұдайы көңіл бөлуді қажет ететін тағы бір маңызды мәселе ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуды атады.
«Біз бидайды ұнға айналдырамыз, енді ары қарай жүріп, макарон және басқаларын өндіру керек, яғни өнімдеріміздің қосымша құнын арттыруды ойлау қажет. Қазір Кеден одағы аясында қазақстандық өндірушілердің алдынан орасан мүмкіндіктер ашылуда, мұны пайдалана білу керек. Таяу уақыттарда отандық өнімдерді Иран арқылы Парсы шығанағына шығаруға жол ашылады. Сондықтан бізге экспортқа бағдарланған өнімдерді көбірек өндіру кере»к,– деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы мал шаруашылығы саласын да дамытудың қажеттігіне назар аударды.
«Егін егіп, жинап алған оңай, бірақ біз бір тонна ет өндірісі бір тонна астық өндірісінен бес есе тиімді екенін де ойлауға тиіспіз. Бұл қысы-жазы жұмыс істейтін ауыл еңбеккерінің жұмыспен қамтылуы мен табысының өсуіне ықпал етеді», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар әлеуметтік саланы дамыту мәселесі де қозғалды. Мемлекет басшысы агрокәсіпорындардың басшыларын ауыл тұрғындары да қала тұрғындары секілді жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болуы үшін қажетті нәрсенің бәрін жасауға шақырды.
Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтанов Қазақстан Президентіне өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы мен жиын-терін науқанын өткізуге дайындық туралы баяндады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады