- Басты
- Жаңалықтар
- Елорданың сәулет нысандары ерекше жарықтандыру үлгісінде (ФОТО)
Елорданың сәулет нысандары ерекше жарықтандыру үлгісінде (ФОТО)
Жобаны іске асыруға жоғары жарықтандыру сапасын қамтамасыз ететін және кеш пен түн мезгілдерінде қаланың сәулет сұлулығын байыта түсетін Philips Color Kinetics құрылғылары негізіндегі динамикалық жарықдиодты жарықтандырудың заманауи жүйесі пайдаланылды.
«Көпірлерге жарықтандырғышты жобалау мен орнату Phillips компаниясы тарапынан «Лайн» ЖШС арқылы жасалынды. Жарықтандыру жүйесі көпірлерді эстетикалық тұрғыда сәндеп қана қоймай, аталмыш сәулет өнері туындыларына ұлттық нақыш бере түсті. Сонымен қатар, жаңа технологияның арқасында аталмыш жарықтандыру деңгейі мен оның түрін оңай алмастыруға болады. Сарыарқа мен Тұран көшелерін жалғап жатқан өткел Орта Азияда Phillips Color Kinetics құрылғысын пайдалана отырып осындай деңгейде қолға алынған алғашқы бастама болды», - дейді «Лайн» ЖШС атқарушы директоры Елена Бибик.
Аталмыш құрылғының көпқызметті функциясы мен сәндік бейнесінен бөлек оның тағы бір артықшылығы, жарықдтодты шамдар арқылы жұмыс істейтін жарықтандыру жүйесі энергияны үнемдеуде таптырмайтын дүние. Әр өткелдің жалпы қуат тұтыну деңгейі 140 кВт құрайды. Ал Астана-Бәйтерек монументінде аталмыш әдісті қолданғалы қуат үнемдеу 85 пайызға дейін азайған.
Айта кету керек, нысандарда орнатылған жарықтандыру жүйесі 160 млн-нан астам түсті шығара алады. Ал ондағы бейнелер мен көріністерді қашықтықтан бірыңғай желідегі ғаламтор арқылы басқаруға болады. Бұл елорданың сәулет өнерін одан сайын байыта түсері анық.
Индира Қауметова
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым және ерекше тұлға -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі