• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2022 жылға дейін бірыңғай ұлттық жерсеріктік геодезиялық жүйе құрылады

Қазақстанда 2022 жылға дейін бірыңғай ұлттық жерсеріктік геодезиялық жүйе құрылады

4 Қыркүйек, 2014 13:34
Қазақстанда 7-8 жылдан кейін бірыңғай ұлттық жерсеріктік геодезиялық жүйе құрылады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зонттау бойынша Мемлекетаралық кеңестің 36 сессиясында белгілі болды.

Жобаны жасақтау 2015 жылдан басталады, ол келер жылдың бюджетіне енгізілген және 2022 жылы аяқталады.

«Жақын арада, дәлірек айтсақ 2015 жылы мемлекеттік ұлттық жерсеріктің координат және геодезиялық жобаның тұжырымдамасын жасақтау басталады. Аталмыш жоба 2015 жылдың бюджетіне енгізілген, келер жылдан бастап ол кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастайды. Осылайша 2022 жылы толығымен аяқталады. Қазақстанда бірыңғай ұлттық жерсеріктік геодезиялық жүйе құрылады. Бұл Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографикалық қызметінің басты міндеті», - деп хабарлады Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зонттау бойынша Мемлекетаралық кеңестің 36 сессиясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов.

Айта кетерлік жайт, Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зонттау бойынша Мемлекетаралық кеңес 1992 жылы құрылды. Оның құрамына Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан  кіреді. Ал, Түркіменстан мен Украина  кеңестің сырттай бақылаушы елдері.

Естеріңізге сала кетейік, келелі кеңестің отырысында сала мамандары геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зонттау салалары бойынша саясатты талқылап, нормативті құқықтық құжаттарды жасақтайды. Сонымен қатар, осы салаларда ынтымақтастық ортанту бойынша ұсыныстар жасалады.

 

Барлық жаңалықтар